Прокуратура орман қорының 100 гектардан астам жерін мемлекетке қайтарды

Бүгін, 13:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Прокуратура орман қорының 100 гектардан астам жерін мемлекетке қайтарды
Фото: freepik

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік орман иеленушілердің мекенжайына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 
 
Қарау нәтижелері бойынша жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 млрд теңге болатын 4 жер учаскесі қайтарылды. 
 
Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 
 
Осылайша, табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен орман қорын ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді.