00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер мал ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топты ұстады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер мал ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топты ұстады
фото: Оңалхан Оңерхан

Операцияны іске асыруға 4 мыңнан аса полицей мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан аса ет базары, павильон және мал сою цехы тексерілді.

Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. Ұрланған 360-тан астам мал табылып, иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ ветеринария саласында 800-ге жуық құқықбұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.