00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер құрамында спирті бар 7 тоннадан астам өнімді тәркіледі (ВИДЕО)

5 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Полицейлер құрамында спирті бар 7 тоннадан астам өнімді тәркіледі (ВИДЕО)
Фото: Оңалхан Өнерхан

ІІМ республика аумағында этил спиртінің, алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Операция өңiрлерге жалған және контрабандалық өнiмдердiң жеткiзу арналарының жолын кесуге бағытталды.

«Үш күнде тиісті құжаттарсыз құрамында спирті бар 7 тоннадан астам өнім анықталып, заңсыз айналымнан алынды. 160 мыңға жуық заңсыз темекі қорабы, 26 мыңнан астам вейп, олардың 34 мыңға жуық картриджі, 35 мың майлы текше және мыңнан астам снюс тәркіленді.

17 сотқа дейінгі тергеп-тексеру, 18 әкімшілік іс жүргізу басталды, сондай-ақ 35 материал шара қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне және Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілді.

Мысалы, Павлодар қаласында полиция қызметкерлері үлкен көлемде заңсыз электронды темекі, қосалқы бөлшектер мен оларды толтыру үшін сұйықтықтары бар жасырын қойманы тапты. 3,5 мың вейп, олардың 10 мың қосалқы бөлшегі және шегетін темекілерді толтыруға арналған 3,7 мың сұйықтық құйылған зат алынды. 30 жастағы тауар иесі ұсталды. Тәркіленген бұйымдардың жалпы сомасы 150 млн теңгені құрады.

Алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз саудасы мен көлеңкелі өндірісін жою бойынша жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.