Павлодар облысында жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды
8 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото-коллаж: Elorda.info
Павлодар облысында тасжолдағы апат салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info.
7 қараша сағат 19:00 кезінде Омбы-Майқапшағай автожолының 340 шақырымында Скания автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, - деді ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар