Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында оқыс оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шекті

Бүгін, 09:57
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views45
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында оқыс оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шекті
фото: Үкімет

«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында екі жұмысшы ыстық суға күйіп қалды, олардың бірі ауруханада, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс жағдай 27 тамызда «МАЭК» ЖШС аумағында №3 турбогенераторды жөндеу жұмыстары кезінде болған.

Сағат 14:30 шамасында екі слесарь-жөндеуші ыстық суға күйіп қалған. Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетілді: бір жұмысшы тексерілгеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі одан әрі емделу үшін ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қайтыс болған еді. Жөндеу цехының шебері үстіне құбыр құлап кетіп көз жұмған.