00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық паркке заңсыз кірмек болғандар орманшыны соққыға жыққан

Ұлттық паркке заңсыз кірмек болғандар орманшыны соққыға жыққан
коллаж Elorda.info

Бірнеше күн бұрын Алматыдағы Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде белгісіз біреулер орманшыны соққыға жыққан болатын, деп хабарлады Elorda.info

Мемлекеттік инспектордың соққыға жығылғаны туралы оның әпкесінің жазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға болған күні кешкі жеті шамасында інім Дамир Қуатбеков тау бөктерінен жаяу түсіп келе жатқан. Ол қара түсті жол талғамайтын Land Cruiser 105 маркалы көлік мінгендер арнайы арқанмен шлагбаумды бұзып кірмек болып жатқанын көрген. Інім өз қызметі шеңберінде, олардан шлагбаумды не үшн бұзуға әрекеттеніп жатқандарын сұраған. Сол кезде олар күш қолданып төбелес бастаған. Олар төртеу болған. Олардың бірі жүксалғыштан арнайы ағаш тяқша алып шығып, інімді ұра бастаған. Сол кзде ол есінен танып қалған. Есін жиғанда қараңғы түсіп үлгергендіктен, көлік жарығының әсерінен ол көліктің мемлекеттік нөмірін байқай алмаған», - деп жазды жәбірленушінің әпкесі. 

29 қыркүйек күні болған осы оқиғаға қатысты Экология министрлігі Орман шаруашылығы комитеті кеше түсініктеме берді.

Аталған жағдай Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы Каменка орманшылығында «Мокрый ключ» шатқалына апарар жолдағы «Аққайың» шатқалында орын алды. Белгісіз төрт адам Медеу филиалының Каменка орманшылығының инспекторына олардың ұлттық парктің аумағына заңсыз кіруіне кедергі жасамақ болған кезде шабуыл жасады.

Toyota Land Cruiser (раптормен боялған) маркалы қара түсті автокөлігімен келіп, «Мокрый ключ» шатқалындағы жабық шлагбаумды троспен машинаға тіркеп тартып ашпақшы болған.

Қазіргі уақытта тергеу органдары сотқа дейінгі тексеру жүргізуде. Мемлекеттік инспектордың жағдайы бірқалыпты,- делінген министрлік берген мәлмдемеде. 

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты күдіктілер әлі анықталамағанын, оларды ұстауға бағытталған тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. 

Қылмыс объектісі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның лауазымды тұлғасы екенін ескере отырып, қылмыстық іс ҚР ҚК 380-2-бабы 3-бөлігі - мемлекеттік инспекторға күш қолдану бойынша қайта квалификацияланды. Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында»,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.