Киберполиция алаяқтық ісін жүзеге асыру үшін жүздеген sim-карта пайдаланушыларды ұстады

Фото: Polisia.kz
Киберполиция Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар желісін жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекетi үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды», - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды