«Кеудесінен ұстаған»: Астанада ер адам он екі және екі жастағы қыздарға тиіскен

Бүгін, 09:42
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Кеудесінен ұстаған»: Астанада ер адам он екі және екі жастағы қыздарға тиіскен
фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Астанада дүкеннен шыққан 2 және 12 жастағы апалы-сіңлілерге үйлерінің жанында белгісіз ер адам шабуыл жасаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Іс бойынша бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Ер адам арнайы қабылдау орнына орналастырылды. Оның әрекетіне тексеру нәтижелері бойынша нақты құқықтық баға берілетін болады»,- деп жазылған полиция хабарламасында.

Криминальный Казахстан телеграм арнасының мәліметінше, шабуыл жасаған ер адам мас күйде болған.

Ол қыздарға тиісіп, олардың мойнынан сүйіп, кеудесінен ұстаған. Жасөспірім қарсылық білдірген кезде, оны жерге құлатқан. Абырой болғанда, қыздар қашып, тұрғын үй подъезіне жетіп үлгерген. Сол жерде көршілері күдіктіні ұстап, оны полиция келгенше жібермей қойған.