Көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Фото: видеодан скрин
Орал қаласының полиция қызметкерлері Деповский көпірінде өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген қызды аман алып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
7 ақпан күні кешке полицияға куәгерлерден қоңырау түскен. Олар көпірдің шетінде тұрған қыздың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасап жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері дереу жеткен.
«Жәңгір Ғазизов көпірдің шетіне жақындап, қызды ұстап үлгерді, оған ойланбай әрекет жасауға жол бермеді. Кейін полиция қызметкерлері қызды көпірдің қауіпсіз жағына өткізіп, қызметтік көлікке отырғызды. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты», – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған