Көпірден секірмек болған әйел сот үкіміне келіспеген
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қалалық Полиция департаментінің дерегінше, 26-шілде күні сағат 12.16-да «102» арнасына Мәңгілік Ел көшесіндегі көпірдің қоршауында әйел адамның тұрғаны және секірмекші екені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар әйелдің асығыс әрекетінің алдын алып үлгерді.
Сауалнама барысында әйел осындай әрекетімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған.6 сәуірінде сот органы ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (тонау) және 192-бабының 3-бөлігі (қарақшылық) бойынша соттаған кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі, оның ұлы екені анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды,- деп жазылған полция хабарламасында.