00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада жыл басынан бері АИТВ инфекциясын жұқтырған 327 адам анықталды

14 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада жыл басынан бері АИТВ инфекциясын жұқтырған 327 адам анықталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемде ЖИТС-пен күрес күні өткізіледі. Бұл күндері денсаулық сақтау, азаматтық қоғам, түрлі ведомстволар АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша тиімді іс-қимыл жасау үшін бірігеді. Осы жұмыс аясында елордада аталмыш дерт түрлерінің алдын алу бойынша «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» айлығы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың тоғыз айында елордада АИТВ-инфекциясының 327 жаңа жағдайы анықталды. Олар: 75,2 пайызы – ерлер, 24,8 пайызы – әйелдер, 62,4 пайызы – 20-39 жас аралығында.

Дүниежүзілік науқан аясында 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Астанада бірқатар іс-шара өткізіледі.

Осылайша, бір ай ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы хабардарлықты арттыру бойынша түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ өзге өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша мамандардың консультацияларымен АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізілетін акциялар өтеді.

Елордада халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылданып жатыр.

Осылайша, медициналық ұйымдарда қызмет көрсетумен қатар, халық инвазивті емес экспресс-тестерді қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеуден өтіп, ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарда кеңес ала алады.