«Күн сайын 2 мыңға дейін қоңырау шалған»: Алматыда кибералаяқтар ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 16:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views54
«Күн сайын 2 мыңға дейін қоңырау шалған»: Алматыда кибералаяқтар ұсталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

«Интернет алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы киберқылмыспен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу жөнінде белсенді жұмысты жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылдың 19 тамызында прокуратураның үйлестіруімен және «Қазақтелеком» АҚ-мен ынтымақтаса отырып, ҰҚКД және қаланың ПД жедел сүйемелдеуімен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар шетелдік серіктестермен сөз байласып, интернет-алаяқтық схемасын іске асыру кезінде оларға заңгерлік көмек көрсеткен.

«Күн сайын осы схеманы пайдалана отырып, ақшалай қаражатты ұрлау мақсатында елдегі азаматтарға 2 мыңға дейін қоңырау шалған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, белгісіз адамдардың қоңырауларына сенбеуге, дербес мәліметтері мен банк деректемелерін бермеуге шақырады.

Айта кетейік, күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.