ҰҚК Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады

Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 қаңтарда Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарымен бірге Қазақстанның төрт азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
— Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілініп отыр. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген, - делінген комитет хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды