ҰҚК аса ауыр қылмысқа қатысы бар 8 топты ұстады
ҰҚК аса ауыр қылмысқа қатысы бар 8 топты ұстады
Олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.
Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деп күдіктелуде.
Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген.
49 тінту барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды, - делінген хабарламада.
Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бір мезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды.
Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.