Динара Зәкиева Астанада зорланған оқушыға қатысты пікір білдірді
30 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Елордада бірнеше оқушы сегізінші сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған оқиғаға қатысты еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.
Бұл факт 17 қаңтарда 121-баптың 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Психологтар қызбен жұмыс істеп жатыр, - деп жазды Динара Зәкиева.
Астана ПД баспасөз қызметі елордалық полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындағанын мәлімдеді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деп атап өтті ведомствода.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды