00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атырау облысында 12 жасар бала суға батып қайтыс болды

Атырау облысында 12 жасар бала суға батып қайтыс болды
фото: Оңалхан Өнерхан

Өткен тәулікте жабдықталмаған орындарда шомылу салдарынан елімізде 4 адам қайтыс болған, деп хабарлады Elorda.info ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болғандардың бірі  - 2011 жылы туған бала. Қайғылы оқиға Атырау облысында тіркелген.

Мамандардың айтуынша, балалардың өліміне байланысты жағдайлар көбінесе жүзе алмау, белгісіз жерлерде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруына байланысты болып жататын көрінеді.

ТЖМ азаматтардан өзінің және өзгенің өмірі алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды.