Банкоматтан ірі көлемде ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды
Күдіктілер банкоматтан 13 млн теңгеге жуық қаржыны үптеп кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
14 тамыз сағат 13:42-де Алматы облысы, Қарасай ауданының ПБ 1988 ж.т. А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан белгісіз адамдар 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.
Арыз ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты, - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.