БҚО-да колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында №28 мекеме қызметкерлері Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, жазасын өтеушіге тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тексеру барысында Gold Kenya Sunset шай демдемесі қаптамаларының ішінен қою жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 19 түйіншек табылды.
Оқиға орнына Орал қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы барды. Тыйым салынған заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықтаып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:07
Қарағандыда пәтер ұрысының әрекеті бейнежазбаға түсіп қалды

Бүгін, 10:08
«Мас күйде болған»: Астанада тұрғын үй кешені ауласында оқ атқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

18 тамыз, 2025
Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды (ВИДЕО)

18 тамыз, 2025
ІІМ: Жеті айда 20 мың есірткі сайты бұғатталды