00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

75 млн теңге пара алған мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері сотталды

19 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
75 млн теңге пара алған мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері сотталды
Фото: freepik.com

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін үкім жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот процесі барысында көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотталушының мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді.

«Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот мүлікті тәркілеуді қолданып сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды», - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.