«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

фото: freepik.com
Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақмыс» кәсіпорнының мәліметінше, марқұм 1985 жылы туған.
«Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды», - деп жазылған хабарламада.
Жұмысшы қазасының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Компания басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсететінін, оның ішінде жерлеу шығындарын да өтейтінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды