Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі
27 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Polisia.kz
Атырау облыстық Полиция департаменті, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып, тасымалдаған азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz сайтының жазуынша, күдікті Атырау қаласы маңындағы Дамбы ауылының 1975 жылы туған тұрғыны екені белгілі болды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 кг құрайтын 27 бекіре тұқымдас балықтары тәркіленді.
ҚР ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды