00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атырауда 4 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

14 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Атырауда 4 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды
Фото: polisia.kz

Марқұмның денесі Жайық өзенінен балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықталып, табылды, деп хабарлады Elorda.info .

бұл туралы Polisia.kz telegram арнасы жазды. 

Атырау облысы полициясы 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 ж.т., Ербол Құсайыновтың өлі денесін өзен жағасынан тапты,-деп жазды дереккөз.   

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.