00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ ұсталды

24 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ ұсталды
фото: appleinsider.ru

Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында, жігіттің Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншілердің концерттеріне билет сатамын деп жарнама орналастырғаны белгілі болды. Осылайша, әйгілі әншінің мерекелік кешіне бармақшы болып билет сатып алған қала тұрғыны, алаяққа 50 мың теңгені аударып жіберген. Алайда, ол концертке келгенде билеттің жалған екендігін анықтаған, ал күдікті байланысқа шықпаған. Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. 

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен бірнеше елорда тұрғынын алдағанын анықтады. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.