Астаналық полицейлер көліктен ақша ұрлаған ер адамды ұстады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Елордада полицейлер автокөліктен ақша мен қымбат сағат ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті тұрақта тұрған құлыпталмаған жол талғамайтын көлікті байқап қалған. Жан-жағына көз жеткізгеннен кейін есікті ашып, ішінен қолма-қол ақша мен бағалы затты алып кеткен. Ал ұрлық сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Алынған жазбалар бойынша полицейлер күдіктінің жеке басын жедел анықтап, оны ұстады. Ол бұған дейін де осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған елордалық тұрғын екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:39
Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

Бүгін, 09:42
Газ тапшылығы бола ма: министрлік Орынбор зауытындағы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады

20 қазан, 2025
Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

20 қазан, 2025
Полицейлер 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты (ВИДЕО)