Қарағандыда контрабандалық темекінің 17 мыңнан астам қорабы тәркіленді
Қарағанды облысы бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен контрабандалық темекі өнімдерінің заңсыз айналымының кезекті фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, сонымен, 2023 жылғы 16 маусымда Қарағанды қаласының базарларының аумағында әр түрлі маркалы темекі түріндегі темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) сату фактілері анықталды.
АҚШ, Қырғызстан және Ресей өндірісінен алынған контрафактілік өнімнің жалпы саны 17 мыңнан астам қорабын құрады. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралатын болады, ал алып қойылған темекі өнімдері тәркіленіп, жойылады.
Бұған дейін Департамент қызметкерлері 3000-ға жуық өнімді электронды темекіні, құрамында никотин бар ерітінділерді, сондай-ақ кальянға арналған темекіні, заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.