00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағандыда эскалатордағы адамды теуіп құлатқан күдікті психиатриялық есепте тұрған

18 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қарағандыда эскалатордағы адамды теуіп құлатқан күдікті психиатриялық есепте тұрған
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда сауда орталықтарының бірінде ер адамның эскалатордан түсіп келе жатқан жігітті теуіп құлатқанын жазған болатынбыз. Белгілі болғандай, полиция бұрын психиатриялық есепте тұрған 31 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Оқи отырыңыз: Қарағандыда ер адам эскалатордан түсіп келе жатқан жігітті теуіп құлатқан (ВИДЕО)

25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиатриялық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды, — деп хабарлады полиция.