Алматыда қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО)

Фото: ТЖМ
19 ақпанда таңғы сағат 08:25 шамасында Алматының Әуезов ауданында қойма өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қойма өртеніп, өрт жанында тұрған үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына көшкен.
«Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына 08:30-да жетті. Суды үздіксіз жеткізу үшін өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, жедел штаб құрылды, әкімшілік ғимаратты сөндіру және қорғау үшін оқпандар енгізілді, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылып, су үздіксіз жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.
«Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - деп мәлімдеді құтқарушылар.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған