00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда «Artsport» бағдарламасына қатысты бірнеше заң бұзушылық анықталды

17 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда «Artsport» бағдарламасына қатысты бірнеше заң бұзушылық анықталды
фото: ашық дереккөз

«Artsport» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер анықталды деп хабаралады Elorda.info 

Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілердің бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтағпн.

 Футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген.

Аталған факті бойынша прокуратура бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - ждеп жазды Алматы қаласы прокуратурасынң баспасаөз қызметі. 

Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

Жекелеген жеткізушілер «Артспорт» жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер әкімшілік жауаптылыққа тартылып 25 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.