Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Бүгін, 13:19
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views62
Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды
Фото: Freepik.com

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. 

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция аталған істің тергеу барысы облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Қарғалы ауылында бірнеше жасөспірім жетім қызға зорлық әрекеттерін жасап, оны видеоға түсіргенін хабарлағанбыз. 

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі («Он алты жасқа толмаған адамға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау») бойынша іс қозғалды. Тергеу кезінде бұл іске қатысы бар жеті жасөспірім анықталды.