Алдағы күндері еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде сирена ойнайды

Бүгін, 09:57
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алдағы күндері еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде  сирена ойнайды
Фото: Pixabay

23-24 шілдеде елімізде «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Еlordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

 Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.  

 «24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі», - делінген хабарламада.                

  Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

  Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын  сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.   

  Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады.