00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алаяққа сенген астаналық ақшасынан айырылып қалды

14 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алаяққа сенген астаналық ақшасынан айырылып қалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Сарыарқа аудандық полиция басқармасына елорда тұрғыны белгісіз біреу «ақшаңызды қолма-қол ақшаға айналдырамыз» деген желеумен алдап, 90 мың теңге қаражатын иемденіп алғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Elorda.info.

Тергеу барысында алаяқтың әлеуметтік желілерде кассалық қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Онда хабарландыру авторы сомманы қолма-қол ақшаға айналдыруға уәде берген. Әңгімелесу барысында күдікті оған QR кодын жіберіп, тауарды бөліп сатып алуды жалған рәсімдеу арқылы қашықтан төлеу керек екенін түсіндірген. Төлемнен кейін алаяқ байланысты бірден тоқтатқан. 

Азаматқа ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 23 жастағы қала тұрғынын анықтап, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. 

Елордалық полиция департаменті алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн несиелерді рәсімдемеуді, жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуді, тауардың бар-жоғын және оның сапасын тексермей, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды ұсынады. Күмәнді ақшаны көбейту әрекеттерінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді де ұмытпаған дұрыс.