Абай облысында 1,5 млрд теңгеден асатын контрафактілік темекі өнімі жойылды

27 тамыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views63
Абай облысында 1,5 млрд теңгеден асатын контрафактілік темекі өнімі жойылды
Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Абай облысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалпы құны 1,5 милилард теңгеден асатын 4,5 миллионнан астам темекі өнімі жойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен жүзеге асырылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қоғам қайраткерлері, экологтар және тәуелсіз бақылаушылар кірді.
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз темекі айналымының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде:

39 заңсыз айналым фактісі анықталды;
3,4 млн-нан астам қорап темекі тәркіленді;
өндіріс жасырылған екі цех жойылды;
тоғыз тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тәркіленген барлық контрафактілік өнім сот шешіміне сәйкес толықтай жойылады.