Ақтөбелік жасөспірім 3 адамды қағып кетті
3 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: polisia.kz
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкеліп соққан жол апатын жасады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жүргізушіге ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды