Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын анықталды


Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында заңсыз аңшылық дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полицейлер Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында бұланға ұқсас жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды байқады. Тексеру барысында 30 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысып, бұланды атып алғанын айтты. Күдіктінің Lada-21214 автокөлігінен тіркелген ойық ұңғылы карабин қаруы табылып, тәркіленді. Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды, - делінген хабарламада.
Заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктінің мүлкі тәркіленуі мүмкін, сонымен қатар үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



