00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «ГАЗель» көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «ГАЗель» көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

Елордада жүк көлігі өртеніп, салдарынан жүргізушіні термиялық күйік шалған, деп хабарлады Elorda.info қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне «ГАЗзель» көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сағат 08.22-де сөндірілді.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1- 2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-ның 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ведомство жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын мәлім етті.

Көбіне өрттің электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болады.