00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтөбе облысында жол апатынан 1 бала көз жұмды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақтөбе облысында жол апатынан 1 бала көз жұмды

Жарысқа кетіп бара жатқан жас бала жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, қайғылы оқиға бүгін «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолында болған. 11-12 жастардағы 9 бала жаттықтырушысымен бірге Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына жолға шыққан екен. Олар волейболдан жарысқа қатысуы керек еді. Автокөлікте болған, қалған 8 бала облыстық ауруханаға жеткізілді.



Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылған. Осыған байланысты жол қозғалысының барлық қатысуышылары ережені қатаң сақтап жолда өте абай болуға шақырамыз, - деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Кулжанов.