Жақында елордада болған өрттің себебі анықталды
Астанада "Қаһарман" тұрғын үйінде болған өрттің себебі анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: Елордадағы тұрғын үй кешенінде өрт болып, 3 адам зардап шекті (ВИДЕО)
16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайында "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде өрт орын алды, өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақаулықтың болуы, – делінген елордалық ТЖД хабарламасында.
Осы жылы елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде. Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамаудан шығып жатады.
Астана қаласының ТЖД электр желілерін, розеткаларды ақаусыз күйде ұстауға, желілік сүзгілерді және басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударуды ескертеді.