Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қарағанды – Ақадыр учаскесінде пойыздар қозғалысының қалпына келтірілгендігін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
21 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Қарағанды – Ағадыр учаскесінің Қарабас аралығында вагондар жолдан шығып кеткеннен кейін үзілген пойыздар қозғалысы қайта басталды.
Бұрын хабарланғандай, бұл аралықта 6 сағат 15 минутта жүк вагондарының жолдан шығып кетуі орын алған болатын. Соның салдарынан учаскеде қозғалыс тоқтатылған еді.
Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде.
Ұқсас жаңалықтар