00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кеткен

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 18 жастағы жігіт 24-қабаттан секіріп кеткен

Елордада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info

Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 қазанда болған.

Есіл ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті. Тексеру барысында аталған дерек расталды, - делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.

Суицид жасаған адам 24-қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.