00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

25 жастағы жігіт көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
25 жастағы жігіт көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

25 жастағы ақмолалық жігіт көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 қазанда Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Екатеринбург-Алматы автожолының 1115 шақырымында ВАЗ-21100 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай Жалтыр ауылының 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы Волга автокөлігіпен соқтығысады. Салдарынан  ВАЗ-21100 автокөлігі кюветке құлап кетіп, бірнеше рет аударылады. Кейін жүргізуші көліктен шығып, Волга жүргізушісіне көліктегі жолаушылар туралы хабарлап, жол-көлік оқиғасы орынынан кетіп қалады, - деп жазылған хабарламада.

25 жастағы ер жігіт түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ер адамның басқа біреудің көлігін басқарғаны белгілі болды. Сол күні полицияға Жалтыр ауылының 46 жастағы тұрғынынан танысы үйлердің бірінің жанында тұрған анасының көлігін ұрлап кеткені туралы арыз түсті. Өтініш беруші жұмыстарымен көлікке отырып шыққан, кейін көлікті досының үйінің жанында қалдырған, ал кілт болса көлікте қалған, - деп жазылған хабарламада.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі «Автокөлікті заңсыз иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп,  оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта 25 жастағы ауыл тұрғыны ауруханада жатыр.