00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жасырын цехта 16 мың алкоголь өнімі тәркіленді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Жасырын цехта 16 мың алкоголь өнімі тәркіленді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағында үй-жай анықталып, жойылды. Онда облыстың сауда орындары арқылы сату үшін антисанитариялық жағдайда суррогат спирт дайындалған.

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстарға құйылған спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.