00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанайда жоғалған қызды іздеу шаралары жалғасып жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қостанайда жоғалған қызды іздеу шаралары жалғасып жатыр

Полицейлердің айтуынша, іздеу түні бойы жүргізілген. Жылу түсіргіш қолданылған. 33 гектар және 10 гектар екі жүгері алқабы, сондай-ақ екі картоп алқабы қаралған. Бүгін іздеу шараларына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен шекара әскерлері қосылған. Таң атқаннан бастап аумақты аралау жалғасуда, іздеу аймағы 100 гектардан асады.

Қостанай облысының ПД іздестіруге қатысатын азаматтық тұлғалардың іс-қимылын үйлестіру қажеттілігін атап өтті.

Барлық іс-қимылдарды Жамбыл ауылы әкімдігінде орналасқан жедел штаб арқылы келісуді сұраймыз. Үйлестіруге арналған телефон 8 775 105 91 72, – делінген хабарламада.

Полицияда бұрынғыдай бейбіт тұрғындар тарапынан үлкен көмек көрсетілгенін айтады.

Іздестіру іс-шараларын өткізу барысы туралы ақпарат әр сағат сайын берілетін болады, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.