Елордада әйелдер сөмкесін тонаушы ұсталды
Тергеу барысында әйелдің түнгі уақытта сағат 23.00 шамасында Уәлиханов көшесіндегі супермаркеттің аумағындағы орындықта жалғыз отырғаны анықталды. Кенет оған орта жастағы ер адам келіп, түсініксіз бірдеңелер айтып, содан кейін сөмкені тарта бастаған. Қарсылық көрсету кезінде тонаушы жәбірленушіні жерге итеріп жіберіп, оның қолындағы сөмкені тартып алып, қуып жетуге мүмкіндік бермей қашып кеткен.
Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері тонаушыны ұстау үшін кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 50 жастағы күдіктіні ұстады.
Аталған факті бойынша «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, пәтерді тінту барысында заттай айғақ тәркіленді, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.