00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Генерал-майор тергеу изоляторында көз жұмды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Генерал-майор тергеу изоляторында көз жұмды

Ведомство мәліметінше, таңғы сағат 7 кезінде қамауда отырған Ж.Халықұлын қарауылдағы бақылаушы бірінші болып көрген. Мекеменің кезекші бөлімі дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Медициналық көмекке қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы күдіктінің механикалық асфиксиядан көз жұмғанын растады.

Оқиға орнына тергеу тобы, прокуратура өкілдері, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы келді. Тексеру барысында оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттер анықталмады, - делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі кезде өңірлік департамент қызметтік тексеруді тағайындады. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетейік, биыл мамыр айында полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталған болатын. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ж. Халықұлы соңғы қылмыстық істі тоқтатты, алдау жолымен «К» есімді азаматтың ақшасы мен мүлкін иеленді деген күдікке ілінген.