00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың 63 тұрғыны автобөлшек «сататын» алаяққа алданды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елорданың 63 тұрғыны автобөлшек «сататын» алаяққа алданды

Ол тұрғындардың жалпы 4,5 млн теңге ақшасын иемденген. Күдікті автобөлшектерді сататыны, оны жеткізіп береретіні туралы хабарландыруды сайтқа жариялаған.

Күдікті интернеттегі басқа адамдардың жарнамаларынан сатылатын тауарлардың фотосуретін тауып, оған нарықтықтағыдан төмен баға қойып, сайтқа орналастырған. Бұл жәбірленушілердің назарын аударған. Келіссөздер барысында күдікті тауарлар салынған көліктің сатып алушы тұратын жаққа жөнелтуге дайын екендігіне сілтеме жасай отырып, әлеуетті сатып алушыларды алдын ала төлем жасауға асықтырған. Аңқау азаматтар оған ақша аударған, содан кейін ол бар жарнамаларды алып тастап, байланысқа шықпай қойған, - делінген полиция мәліметінде.

Ер адам осындай 63 қылмыс бойынша күдіктеліп отыр. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласында интернет-алаяқтықтың 2295 фактісі тіркелді, олардың негізгі бөлігі интернет желісінде тауарларды сатумен байланысты.