00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық өрт сөндірушілер от шыққан жеделсатыда қамалып қалған әйелді құтқарды (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық өрт сөндірушілер от шыққан жеделсатыда қамалып қалған әйелді құтқарды (ВИДЕО)

26 шілдеде сағат 15:20-да елордалық құтқарушылар Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде жеделсаты өртенгені жөніндегі хабарлама бойынша шақыртуға шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жедел сатыда электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтаған. 12 және 13 қабат аралығында жеделсатының ішінде 1957 жылы туған әйел адамның қалып қойғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмыстарының арқасында әйел адам аман-есен жеделсатыдан шығарылып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол медициналық бригадаға тапсырылған. Осылайша, елордалық №10 ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жанат Шалтаев пен өрт сөндірушісі Қуат Қазбеков өз жұмыстарын мінсіз атқарып, адам өмірін сақтап қалды. Жедел көрсетілген көмек үшін құтқарылған әйелдің қызы құтқарушыларға өз алғысын білдірді, - делінген ведомство мәлімдемесінде.