Қапшағайға суға батып кете жаздаған екі қыз құтқарылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 10 шілде күні сағат 15.10 шамасында болған.
Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы осы уақытта Қапшағай су қоймасындағы №7 қалалық жағажайды патрульдеп жүрген. Соның барысында жағалаудан 30 метр қашықтықта 2007 және 2006 жылы туған қыздар құтқарылған.
Қыздар көлдің терең жеріне барып, бата бастады. Құтқарушылар қыздарды қауіпсіз жағалауға эвакуациялады. Балалар медициналық көмекті қажет етпеді, – делінген ТЖД хабарламасында.
ТЖД азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды