00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы облысында BMW көлігі үйдің төбесіне құлады (ФОТО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматы облысында BMW көлігі үйдің төбесіне құлады (ФОТО)

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 мамырға қараған түні Іле ауданы Боралдай ауылында болған.

Жүргізуші - 29 жастағы жергілікті тұрғын, ол көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кетті. Автокөлік жеке тұрғын үй ғимаратының төбесіне түсіп, газ құбырының доғасын зақымдады, сондай-ақ электр сымдары бар бағанды құлатты, - делінген хабарламада.

Жеңіл жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартқан.

Құқық бұзушы ҚР ҚК 610-бабы («Көлiк құралын, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралы жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді полиция.

Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.