Елордада қымбат әтір мен азық-түлік ұрлаған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Анықталғандай, бұрын сотты болған бойжеткен кешкі сағат 20.46-да «Диона» дүкеніне барған.
Ол өзі ұнататын иіссуларды іздеп жатқандай кейіп танытып тұрып, түрлі маркадағы әтірлерді ұрлаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаға сәйкес бойжеткен сөреден ұрланған жалпы құны шамамен 60 мың теңгеден асатын «Kenzo», «Dolce & Gabbana» және «MONTALE» маркаларының иіссуларын сөмкесіне салып кетіп қалған, – делінген хабарламада.
Аталған күдікті күндізгі уақытта екінші рет ұрлыққа барған. Бұл жолы «Вкус Март» дүкенінен 46 мың теңгелік қымбат шоколад пен басқа да азық-түлік өнімдерін қолды еткен.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматша осыған ұқсас ұрлықтың 7 эпизодын жасады деген күдікке ілінді. Оған қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды