Биыл жалған ақша жасау бойынша 12 факті анықталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда – 2 және Маңғыстау облысында – 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелген.
Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ доллары саналатын 1 200 данадан асады. Осылайша Нұр-Сұлтанда жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды.
Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1 114 жалған банкнот тәркіленді.
Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды